Арыстағы кәсіпкерлер 2020 жылға дейін салықтан босатуды сұрап отыр

1215

Кәсіпкерлер жарылыс салдарынан банктен алған несиелерін төлей алмай қалғандығын және оның үстеме ақысы өсіп жатқанын айтады.

Арыстағы кәсіпкерлер 2020 жылға дейін салықтан босатуды сұрап отыр

24 маусымда орын алған жойқын жарылыстардан кейін енді есін жиып жатқан Арыс қаласының кәсіпкерлері Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасының  облыстық филиалының басшыларымен кездесті. Жиын барысында іскер азаматтар бірнеше мәселелерді ортаға салды. Нақтырақ айтқанда, олар Арыстағы әріптестерін 2020 жылға дейін салықтан босатуды сұрайды.

"3 жылға немесе 5 жылға Арыстағы кәсіпкерлік нысандарды еркін экономикалық аймаққа кіргізсе. Ол жерде барлығынан босап, жеңілдіктер алады. Сонда Арысқа инвесторлар келеді. Қаланы қалпына келтіруге жұмыс істейді. Біздермен бірлесіп бизнес жасайды",– деді кездесу барысында Арыс қаласындағы темір жол бөлшекерін жасайтын зауыттың бас директоры Абдулла Сүйімбаев.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер жарылыс салдарынан банктен алған несиелерін төлей алмай қалғандығын және ол несиенің үстеме ақысы өсіп жатқанын айтады.

"Айтылған мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары арнайы бөлінді. Барлық мәселелермен сол айналысады. Барлық коммерциялық банктермен келіссөз жүргізуіміз қажет. Олардың сыртынан біз шешім қабылдай алмаймыз. Сондықтан ертең үкімет отырысында кредит мәселесін мен айтамын. Салық та біздің құзырымызда емес, олар өздері шешім қабылдау керек", – деді кездесу барысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу