Арысқа барған астаналық ажал құшты

1668

Ермек Тютюбеков жол апатынан мерт болды.

Арысқа барған астаналық ажал құшты

Арыстағы құрылыс жұмыстарына тартылған "Астана РЭК" АҚ компаниясының қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

8 тамыз күні Арыс-Шымкент тас-жолында жол-көлік оқиғасы болды. Көліктің рөлінде болған Ермек Тютюбеков алған жарақатынан қайтыс болған. 

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Түркістан облысы, Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін іс-сапармен жіберілген "Астана РЭК" АҚ компаниясының қызметкері Тютюбеков Ермек Сейтбекұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады",­– деп хабарланды елорда әкімдігінен. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тарапынан оның отбасына материалдық көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу