Арыстағы жарылыс құрбандарының саны тағы бір адамға көбейді

1635

Бұған дейін бір әскери мен бір қала тұрғыны көз жұмған болатын.

Арыстағы жарылыс құрбандарының саны тағы бір адамға көбейді

Түркістан облысы Арыс ауданында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 3-ке жетті. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

"Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, медициналық көмекке 70 адам жүгініп, олардың 45-і ауруханаға жатқызылған, 3 адам қайтыс болды",– деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Еске сала кетсек, бұған дейін екі адам көз жұмғаны белгілі болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу