Арыстағы жарылыстан тағы бір адам көз жұмды

1861

Премьер-министр Асқар Мамин қаза болғандардың туғандары мен жақындарына көңіл айтты.

Арыстағы жарылыстан тағы бір адам көз жұмды

Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі қару-жарақ жарылысы салдарынан қайтыс болғандар саны екі адам болды, оның бірі – әскери адам, екіншісі – қала тұрғыны, деп мәлім етті премьер-министр Асқар Мамин.

"Өкінішке қарай, қайтыс болғандар бар, оның бірі қала тұрғыны, екіншісі  – әскери қызметкер. Туғандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – деді премьер-министр бүгін үкімет отырысында.

Айта кетсек, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қатысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына келіп, жағдаймен танысты. Қазір арнайы штаб құрылып, қала тұрғындары жаппай көшірілген.

Жақын орын тепкен ауылдық округтер мен аудан орталықтарында 15 эвакуациялық бөлімшелер ашылды.

Қазіргі таңда арыстықтарға көмек көрсету мақсатында, облыс әкімдігі жанындағы "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорының есепшоты ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу