Арыстағы жағдай біз ойлағаннан да нашар болып шықты ­– Айдын Рақымбаев

2285

Компания басшысы жарылыс салдарын жер сілкінісінен кейінгі жағдайға ұқсатты. 

Арыстағы жағдай біз ойлағаннан да нашар болып шықты ­– Айдын Рақымбаев

Арыс қаласына барып қайтқан BI Group холдингінің басшысы Айдын Рақымбаев қаладағы жағдай туралы Facebook парақшасында жазды.

Компания басшысы бұған дейін BI Group-тың да үйлерді жаңғырту жұмысына үлес қосатынын хабарлаған еді.

Қазір компания құрылысшыларының қалада жұмыс істеп жатқанына төртінші күн. Алматы мен Астанадан да құрылысшылар командасы көмекке келуде.

Оқиға орнын көзбен көріп қайтқан Айдын Рақымбаев "қаладағы жағдай біз ойлағаннан да жаман болып шықты" деп жазды. Оның айтуынша, бұған дейін жарияланған суреттерде шатырдағы тесіктер мен терезе әйнектерінің сынғаны ғана көрінсе, зерттеуден кейін жағдайдың бұдан да қиын екені анықталған.

"Бір қарағанда бүтін сияқты көрінгенімен, жарылыстың жүздеген екпінді толқыны салдарынан, саман үйлердің босағалары мен қабырғалары салдырлап қалған. Іс жүзінде бұл үйлерді бұзып, қайта салу керек", ­­– дейді ол­.

Компания басшысы үйлерді зерттей келе, жарылыс салдарын жер сілкінісінен кейінгі жағдайға ұқсатты, бұл оқиғаға қатысы сұрақтың көп екенін де айтады.

BI Group компаниясына жөндеуге 100 үй бөлініпті. Құрылысшылар жұмысқа кірісуі үшін тұрғындар үйлерін босатып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу