BI Group Арыстағы үйлерді жөндеуге дайын – Айдын Рақымбаев

1601

Еліміздегі ірі құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарына 100 миллион теңге бөлді.

 BI Group Арыстағы үйлерді жөндеуге дайын – Айдын Рақымбаев

Арыстағы жарылыстан қираған үйлерді жөндеуге BI Grup 100 миллион теңге бөлді. Бұл туралы компания басшысы Айдын Рақымбаев хабарлады.

"Біздікілер де сонда, Арыс тұрғындарына көмек беруде. Әскерилерді күтіп отырмыз, қалаға кіруге рұқсат бергенде, үйлерді жөндеуге кірісеміз. Біздің құрылысшылар командасы керекті материалдармен Түркістан мен Шымкенттен шығуға дайын отыр. 100 млн теңге бөлінді, кемінде 100 үйді жөндеуге жетеді деп ойлаймын, егер одан көп қажет болса, әрине, көмекті ұлғайтамыз",– деп жазды Айдын Рақымбаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Айта кетсек, бүгінде зардап шеккендерге көмек беру белсенді жүруде. Өңірлерден гуманитарлық көмектер жөнелтілсе, қызметкерлер бір күндік еңбекақыларын арнайы қорға аударып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу