Арыстан көшірілген науқастарға көрші ауданның ауруханасынан орын дайындалды

1232

Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды.

Арыстан көшірілген науқастарға көрші ауданның ауруханасынан орын дайындалды

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктері Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды",­ – деп хабар таратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін Арыс қаласында әскери бөлім аумағында жойқын жарылыс болып, салдарынан жергілікті халықты жаппай эвакуациялауға тура келді. Жан-жаққа шашыраған жарықшақтар тұрғындарға қауіп төндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу