Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды

493

Ол пара беруге итермелеу күдігіне ілінді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды Фото: tengrinews.kz

8 жылға бас бостандығынан айырылған Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі елорда сотына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Тулеевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген Астана сотының хабарламасында.

Айта кетсек, 3 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынғаны туралы хабарлады. Адвокат пара беруге итермелеу күдігіне ілінді. Ал А.Мұхамедиұлының әйелі пара беруге оқталды деп күдіктеліп отыр.

Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлына 2023 жылғы 20 маусымда сот үкімі шығып, ол 8 жылға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу