Арысты снарядтар мен олардың қалдықтарынан тазартуды үш тәулікте аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты.
"Біз бұл жұмыстарды үш тәулікте аяқтауды жоспарлап отырмыз",– деп жауап берді Бақыт Құрманбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың осы тұрғыдағы сауалына.
Бүгінде қала ішінде саперлар жарылғыш заттардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу