"Asar Baspana" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардан 1,2 млрд теңгеден астам қаражат тәркіленді

152

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"Asar Baspana" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардан 1,2 млрд теңгеден астам қаражат тәркіленді Фото: видеодан алынған кадр

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына  ай сайын салынған соманың 30%-на дейін пайда табуға уәде берген, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және  ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.

Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу