Көліктегі 3 адам жанып кетті: Ақтөбеде өрттен кейін газ құю бекетінің иесі қамалды

145

Ақтөбе облысы Полиция департаменті автожанармай құю станциясында көліктің өртенуі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көліктегі 3 адам жанып кетті: Ақтөбеде өрттен кейін газ құю бекетінің иесі қамалды Фото: Бейнежазбадан

Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапты: әйел адам және екі кәмелетке толмаған бала. Сондай-ақ бір ер адам дене күйігімен медициналық мекемеге жеткізілді.

"Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 281-бабы ("Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу") бойынша тіркелді. АГҚС иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Әсет Қалиев.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған бірқатар кешенді және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Айта кетейік, Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртенген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу