Асель Айтпаеваның өліміне күдiктi ұсталды

755

Грузияда қайтыс болған Асель Айтпаеваның өліміне күдiктi ретінде оның туысы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Асель Айтпаеваның өліміне күдiктi ұсталды

"Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы А. Айтпаеваның ата-анасының М. Мейрбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде ҚР ҚК 128-бабы бойынша (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады.  Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелетiн М. Мейрбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінiң Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттерi жүргізiлуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда",– деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 5 мамырда Тбилисиде Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның денесі табылған еді. Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу