Бүгінде әлем экономикасындағы жаһандық құрылымдық және технологиялық өзгерістердің кезеңінде ғылым мен инновациялардың дамуы маңызды рөл атқарады. Біздің мақсат дарындарды, жас ғалымдарды, стартаптарды қолдау үшін біртұтас экожүйе мен институционалдық негіз қалау арқылы инновациялық экономика құру. Бұл туралы бүгін Әсет Исекешев Астанада ХІ Инновациялық форумның ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Бұл бағытта біз "Назарбаев Университетімен", Зерде, "Инновациялық технологиялар паркі" АКҚ-мен белсенді негізде жұмыс жүргізудеміз, деп жалғастырды өз сөзін әкім.
Инновациялардың дамуы мен шоғырлануының басты алаңы "Астана Бизнес Кампус" болмақ. Онымен бірлестікте №2 Индустриялық парк аумағындағы өндірістерді масштабтау және R&D дамыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, "Астана бизнес кампусты" жеңілдікті тәртіп жағдайлары (британдық коммерциялық құқықтың қағидаларына негізделген айрықша құқықтық жүйе, 50 жыл мерзімге салықтық жеңілдіктер, оңтайландырылған валюталық, визалық және еңбек режимі, заманауи инфрақұрылым) жасалған Халықаралық қаржы орталығының құрамына енгізу мәселесі көтеріледі.