Асхат Аймағамбетов оқушы баласын "35 мың теңгеге" киіндірген

1759

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің әзірге бір баласы мектепке барады. Бұл туралы ол Үкімет кулуарында журналистерге айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Асхат Аймағамбетов оқушы баласын "35 мың теңгеге" киіндірген

"Ұлымды осы демалыста киіндіріп, мектепке дайындадым. Бірнеше ақ жейде, костюм, шалбар, галстук алдық. Жалпы алғанда 35 мың теңге кетті.  Киімдерді "Glassman" сауда үйінен таптық. Елмен бірге кезекте тұрып, барлық отбасылар секілді мектепке дайындалып жатырмыз", – дейді министр.

Бұған дейін ол елде оқушыларға материалдық көмек қаржылай берілетінін айтқан. Яғни мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға ата-аналарды есепшотына ақша аударылады. Министр осыдан кейін киім өлшемі мен сапасына қатысты наразылық болмайтын шығар деп үміттенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу