Тілші "Несие субсидиясын ала алмай жүрген, салдарынан шығынға батқан фермерлер қайтпек керек?" деген сауал қойды.
"Осы аптада бұл мәселені техникалық тұрғыдан шешеміз. Қаңтар-ақпан айлары бойынша өтінім беру мүмкіндігі ашылады. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, бюджет пен тиісті шарттар болмаған жағдайда, тіпті жасалған өтінімдер бойынша да, егер бюджетте осы пайыздық мөлшерлемені бірлесіп қаржыландыруға қаражат болмаса, фермер соманы толығымен төлеуге міндетті. Ол пайыздық мөлшерлеменің толық сомасын төлеген соң, ауыл шаруашылығы басқармасы оның өтініші бойынша қаржы институты арқылы оған толық құнын қайтарады",- деді деді АШМ Мемлекеттік қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков.
Оның айтуынша, бүгінде субсидиялау бойынша сұрақтарды қарастыратын телеграм арналар бар.
"Бізде субсидиялаудың барлық бағыты бойынша, оның ішінде пайыздық мөлшерлеме бойынша 6 Телеграм арна жұмыс істейді. Әр арнада 4-5 мың адам бар. Тиісінше кез келген шағымға бірден жауап беру өте қиын екені белгілі. Сондықтан да бүгінде өтініштердің барлығы жүйелі түрде пысықталатын жүйе жұмыс істейді", - деді спикер.
Еске салайық, осыған дейін шаруалардың несие субсидиясына өтінішті жібере алмай жүргенін жазған болатынбыз.