Ашраф Ғани "Талибан" үкіметін мойындауға үндеді

891

Қазақстан елшісі тәліптердің өкілімен кездесті.

Ашраф Ғани "Талибан" үкіметін мойындауға үндеді

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани халықаралық қауымдастықты "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысының үкіметін мойындауға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Khaama Press сайтына сілтеме жасап. 

"Халықаралық қауымдастық ауған халқын шеттетпей, қазіргі үкіметпен өзара әрекеттесуі керек. Көмектесіңіздерші. Оны мойындаңыздаршы", – дейді саясаткер.

Кейінірек саясаткердің Twitter-дегі ресми аккаунтында оның Facebook-тегі парақшасына біреулер бұзып кіргені және онда жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын жарияланды.

Айта кетсек, Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиевтің Ауғанстан уақытша үкіметіндегі Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесуі кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланды. 

Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты.

Оның пікірінше, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елмен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды. Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтыны атап өтілді.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу