15 тамызда мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің порталында жаңарту жоспарланып отыр, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың шілде айының ортасында базада техникалық ақау орын алып, aisgzk.kz сайтындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді алу мүмкін болмай қалған еді.
"Қазіргі уақытта орын алған ақаудың себептері анықталды. Мамандар тобы тәулік бойы ақаулықтарды жою бойынша жұмыс істеді. Техникалық жұмыстар ең қысқа мерзімде аяқталады", – деп жазылған хабарламада.
aisgzk.kz порталындағы кадастрлық картаның көмегімен кез келген азаматтың Қазақстанның жер пайдаланушылары туралы ақпаратты білуіне мүмкіндігі бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу