Асқар Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады

955

ҚР Премьер-министрі қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады. Асқар Маминнің құттықтау сөзін ресми сайты жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Асқар Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады

"Қымбатты отандастар, баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының ортақ тарихи мұрасының символына айналды.
Біз барлық кезде береке-бірліктің арқасында кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алдық. Қазақстандықтардың қастерлі құндылықтары – ауызбіршілік, толеранттылық пен өзара түсіністік алдағы уақытта да біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасын одан әрі дамытуда
мызғымас тірегіміз болып қала береді деп сенемін. Қазақстандағы татулық пен келісім үшін, сондай-ақ Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын!

Барлық қазақстандықтарға, әр отбасына зор денсаулық және
амандық тілеймін! Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу