Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

1169

Жамбыл облысында 12 маусым күні бортында Премьер-министр Асқар Мамин болған тікұшақ әуеден шолу жасаған.

Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Таразда Премьер-министр Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонды. Оның себептері туралы "Қазавиаспас" АҚ қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жамбыл облысында 12 маусым күні бортында Премьер-министр Асқар Мамин болған тікұшақ әуеден шолу жасаған. Ұшу кезінде ұшқыш гидравликалық жүйенің істен шыққанын байқаған. Осыдан кейін қосалқы гидравликалық жүйе қосылған. Ұшу нұсқаулығына сәйкес тікұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды", – деп хабарлады "Қазавиаспас" АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Анар Хамитова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта азаматтық авиация саласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы комиссия құрған. Аталған жағдайдың ресми себебі кейінірек жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу