Үкімет басшысы Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Асқар Маминнің құттықтауы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.
"Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Ұлық мейрам адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін, сенім мен ерік-жігерді нығайтатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.
Алла Тағала ниет еткен жандардың игі істерін, дұғалары мен тұтқан оразасын қабыл етсін! Мұсылмандардың осы қасиетті айда жасаған барлық рухани және шарапаты мол ізгі амалдары жыл бойына ұласып, келесі Рамазан айында еселене берсін.
Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!"
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу