Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз өткізді

849

Кездесу барысында ЕАЭО мен басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз өткізді Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Алматыға Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және "Digital Almaty" форумына қатысу үшін келген РФ Үкіметінің төрағасымен өткізді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты. 

Кездесу барысында өнеркәсіп, энергетика, әскери техника, ғарыш, су және табиғатты қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ ЕАЭО мен басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

"Үкімет басшысы ретінде алғашқы сапарларымызды Қазақстаннан бастайтынымыз маңызды. Бізді бұрыннан келе жатқан достық және әріптестік қарым-қатынастар байланыстырады. Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда, аймықтық байланыстар нығаюда",– деді М. Мишустин кездесуде.

А. Мамин мен М. Мишустин биыл қараша айында Көкшетау қаласында өтетін "Экологиялық ынтымақтастық" тақырыбындағы XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына сапалы әзірленудің маңыздылығына баса назар аударды. 

Былтыр Омбы қаласында өткен форумда қол қойылған Қазақстан – Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы бойынша Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігі атап өтілді.  

Айта кетсек, Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктесі. 2019 жылдың 11 айында екіжақты тауар айналамы $17,2 млрд құрады. ҚР-да ресейлік капиталдың қатысуымен 10 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу