Асқар Мамин Стамбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады

1568

Форум жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин түрік бизнесінің көшбасшыларымен бірқатар кездесу өткізеді. 

Асқар Мамин Стамбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады

2019 жылғы 10-11 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Cауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Түркия үкіметаралық комиссиясының XI отырысына және Қазақстан–Түркия бизнес-форумына қатысады, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин мен Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның кездесуі жоспарланған.

Қазақстан–Түркия бизнес-форумына 150-ден астам қазақстандық және 700 түрік компаниясының өкілдері қатысады. Форум жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин түрік бизнесінің көшбасшыларымен, оның ішінде Yildirim, Ronesans, Kibar, Calik, Koc, Zorlu, Eczacibasi холдингтерінің басшылықтарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Форум қорытындысы бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, туризмді, тұрғын үй құрылысын, сондай-ақ, көліктік-логистикалық секторды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы 20-ға жуық құжатқа қол қою жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу