Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Батыс-Қазақстан облысына барды

1178

Асқар Мырзахметов  жұмыс сапарымен Батыс-Қазақстан облысына барды

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов  жұмыс сапарымен Батыс-Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі

Батыс-Қазақстан облысының әкімшілігінде АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ондағы міндеттемелерді орындау бойынша бекітілген индикаторлары мен шаралар жетістігі туралы жиналыс өткізілді. Мал шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және мал дәрігерлік қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді. Жиналысқа Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімшіліктерінің, агробизнестің, салалық одақтардың және "Атамекен" КҰП өкілдері қатысты.

Биылғы жылдың 1-шілдедегі жағдайы бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында ірі қара малдың, ұсақ қара малдың, жылқылардың, құстардың  санының көбею үрдісі байқалды. 

БҚО бойынша ет өндіру 3,1 %-ға артып, 19,9 мың тонна болды, сиыр сүті 0,5 %-ға дейін артып, 117,2 мың тонна, тауық жұмыртқасы - 5,5 %-ға дейін артып, 80,6 млн дана болды.

Ақтөбе облысы бойынша да ет өндірісі 5,7 %-ға артып, 32,9 мың тонна, сиыр сүті 2,7 %-ға артып, 154,2 мың тонна, тауық жұмыртқасы -  6,0 %-ға артып, 87,1 млн дана болды.  

ҚР АШМ ағымдағы жағдайын, қуатын, бастау жылын, құрылғылар түрін, шығарылатын өнімнің жүктемесі мен көлемін қоса алғандағы өнімдерді ұқсату кәсіпорындарының мәліметтер базасын құрды.

Бүгінгі күнде құрылған мәліметтер бойынша республикада 1345 қайта өңдеу кәсіпорындары белсенді жұмыс жасап жатыр. Сүт, ет, тері, май және дақыл өнімдерін, тұқымдар мен көкөністер, қант қызылшасын және картопты қайта өңдейтін 435 кәсіпорынның ішінде өнімдерді ұқсатудың 9 басым түрі анықталды. Солар бойынша әр облысы, әр аудан бойынша аграрлық қайта өңдеу кәсіпорындарының нақты орналасу Картасы жасалды.

Ветеринарлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірінші жарты жылдықта республикада алдыңғы жылдармен салыстырғанда жануарлардың өте қауіпті ауруларының жалпы эпизоотикалық жағдайының жақсарғанын көруге болады. Бұл республикадағы ветеринарлық қызметтің әртүрлі тармақтарының өзара тиімді жұмыс істеуі арқасында орын алып отыр. Оның үстіне биылғы жылы қолданылатын шараларды күшейту және нақтылау, ең бастысы екпе және диагностикалық зерттеу мәселелері бойынша біріккен қадамдық әрекеттердің жоспары жасалып, бекітілді.

Жиналыс барысында вице-премьер фермерлердің барлық қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, жұмыс сапары кезінде А.Мырзахметов Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне, "ПОШ Руно" ЖШС тері өңдеу кәсіпорнына барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу