Әскери-әуе күштерінің авиациялық паркі СУ-30СМ жойғыштарымен толықты

937

Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасына жаңа көп мақсатты Су-30СМ ұшақтары жетті. Ұшақтарды Ресей Федерациясынан "Иркут" авиациялық зауытының тәжірибелі сынаушы ұшқыштары ұшырып әкелді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери-әуе күштерінің авиациялық паркі СУ-30СМ жойғыштарымен толықты

Су-30СМ – "4++" жаңа буынының жойғышы. Ол кез келген ауа райында күндіз де, түнде де әрекет етуге, қарсыластың ұшақтарын атып түсіріп қана қоймай, жерүсті нысаналарын да жоюға, әуеде барлау жүргізуге және басқа ұшақтарға нысана көрсетуге қабілетті. Су-30СМ ұшағы ұзаққа ұша алады және оған отынды әуеде толтырып құю мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде бұл әлемдегі ең үздік көпфункционалды әскери жойғыштардың бірі.

Авиациялық базада ұшақтарды Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек  қарсы алды.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жаңа авиациялық техниканың Әскери-әуе күштеріне Қазақстан Қарулы Күштерін қайта жарақтандыру жоспарына сәйкес жеткізілгеніне тоқталып өтті.

Ол жоғары маневрлі көп мақсатты Су-30СМ жойғыштары әскерлерді және объектілерді әуеден шабуылдау құралдарынан бүркемелеу, әуедегі және жерүсті нысаналарын анықтау және жою мүмкіндігін айтарлықтай арттыратынын, оның нәтижесінде Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуеті күшейетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу