Әскери қызметшілер eGov.kz порталы арқылы қызметтік тұрғын үйді жалдау шартына онлайн қол қоя алады

315

Енді әскери қызметшілерге қызметтік баспананы жалға алу шартын алу үшін құжаттар тізімімен жұмыс орнына барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ.  

Әскери қызметшілер eGov.kz порталы арқылы қызметтік тұрғын үйді жалдау шартына онлайн қол қоя алады Фото: Inbusiness.kz

Әскери қызметшілер енді қызметтік тұрғын үйді жалға беру шартын жасау және ұзарту қызметін eGov.kz порталында онлайн режимінде ала-алады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

Қызметті алу үшін eGov.kz порталындағы "Азаматтар" → "Әскери есеп және қауіпсіздік" → "Әскери қызмет" бөліміне өтіп, "ҚР Қарулы күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" қызметін таңдау қажет. Содан кейін жүйеге кіріп, барлық қажетті өрістерді толтырыңыз және қолжетімді әдісті пайдаланып қол қойыңыз. Қызмет тегін көрсетіледі, ал қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің, ЦДИАӨМ-нің және "ҰАТ" АҚ-ның ынтымақтастығының арқасында бұл көрсетілетін қызмет пайдаланушылар үшін қолжетімді болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу