Әскери қызметшілерді тамақтандыру құны қайта қаралуы керек

869

Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғын үймен толық қамтылуға тиіс.  

Әскери қызметшілерді тамақтандыру құны қайта қаралуы керек

Ұлттық ұланның материалдық-техникалық базасын заман талабына сай қайта жабдықтау қажет. Депутат Қайрат Қожамжаров осындай бастама көтерді.

Ол үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында төтенше жағдай кезінде Ұлттық ұлан сарбаздары өмірлері мен денсаулықтарына төнген қауіп-қатерге қарамастан, әскери міндеттерін абыроймен атқарғанын атап өтті.

"Ұлттық ұланның әскери дайындығы мен қызметтік қабілетінің жоғары деңгейде болуы – ел тұрақтылығының кепілі. Сол себепті осы салада соңғы жылдары шешімін таппай жүрген жүйелі мәселелерді қарастыруларыңызды сұраймыз. Әскери бөлімшелерді заманауи қару-жарақпен, арнайы және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау қажет", – деді сенатор.

Оның сөзінше, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамту және жалпы әскери тамақтандыру құнына қатысты мәселелер де шешімін табуға тиіс.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу