Әскери міндеттілер төлемдерінің қалай жүргізілетіні белгілі болды

935

Әскери міндеттілерге келесі айдың 10-ынан кешіктірілмеу еңбекақысы төленуі керек.

Әскери міндеттілер төлемдерінің қалай жүргізілетіні белгілі болды

Әскери міндеттілер төлемдерінің қалай жүргізілетіні белгілі болды. Бұл туралы ҚР ҚК Бас Штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтып өтті.

"Арнайы жиынға шақырылған әскери міндеттілерге жергілікті атқарушы органдар келесі айдың 10-ына дейін кешіктірмей төлейді. Ал ол күн демалысқа әлде мейрамға түссе, алдын ала төленеді", – деді Боранбаев.

3 сәуірде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы жиын кезінде әскери міндеттілерге әскери қызметшілер мәртебесі берілетінін және олардың қазіргі жұмысындағы жалақысы қандай болса, жиын кезінде де сондай сома төленетінін айтқан болатын. Ал жұмысы жоқтарға ең төменгі еңбекақы берілетінін мәлім еткен еді.

Еске сала кетсек,  2 сәуірде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сол уақыттан бері 473 әскери жиын құрамына алынған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу