Әскери міндеттілерге еңбекақысының көлемі қанша болса, сонша төленеді

1423

Арнаулы жиын кезінде әскери міндеттілерге әскери қызметшілер мәртебесі беріледі.

Әскери міндеттілерге еңбекақысының көлемі қанша болса, сонша төленеді

Әскери міндеттілерге қазіргі жұмыс орны бойынша жалақы төленеді. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жария етті. Оның айтуынша, заң бойынша, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасалады.

Сондай-ақ жиын кезінде әскери міндеттілердің жұмыс орындары мен олардың лауазымдары сақталады. Әскери міндеттілерге жұмыс орны бойынша жалақы төленеді. Ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі еңбекақы төленеді.

"Мысалы, шақыртуға дейін әскери міндеттінің жалақысы 200 мың теңге болса, арнаулы жиынның әр айында сол соманы алатын болады. Ал қазіргі таңда минималды еңбекақы мөлшері 42500 теңге", – деді министр.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті кеше әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлық шығарды. Бүгін Қорғаныс министрі жарлықтың қалай жүзеге асатындығын түсіндірді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу