Бешбармақ, бауырсақ, нарын: Енді ұландарға ұлттық тағамдар беріледі

424

Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі.

Бешбармақ, бауырсақ, нарын: Енді ұландарға ұлттық тағамдар беріледі Фото: ҚР Ұлттық ұланы

Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізуде бастамашы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.

– Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу – бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам, деп атап өтті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.

Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген, себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның бастамасы қолдау тапты. Алдағы уақытта осындай жұмыс ортақ күшпен жалғасатын болады.

Дәстүрлі тағамдар туған жерін, жақын адамдарын еске салып, мәдени мұрамен байланысты арттырады деп есептейді әскери медицина және психология саласындағы сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу