Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады

1253

Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады

Мереке қарсаңында Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады. Байқау Аяз Атаның атынан Инстаграмдағы (ayazata_official) ресми парақшада жүргізіледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа ниет білдірген әр адам қатыса алады. Ол үшін елорда тұрғындарына арналған өз құттықтауын жүктеу қажет, ал сипаттамада "@ayazata_official" байқауы және #сновымгодомАстана2017 хэштегін қою керек. Қатысушының парақшасы байқау аяқталғанша ашық тұруға тиіс.

Бейнеқұттықтаулар 2016 жылдың 30 желтоқсаны сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Ерекше идеяның авторы IPhone 7 иегері атанады, байқау қорытындысы 31 желтоқсан күні сағат 15:00-де "Хан Шатыр" СОСО-ында шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу