Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

394

Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.  

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Фото: Астана қаласының әкімдігі

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Евгений Глотов еңбек жолын "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ-да бастады. Әр жылдары "Ауыл жастары одағы" ҚБ, "GP group" ЖШС және т. б. жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу