Астана атауы: Билік органдары мен кәсіпорындарға қаражат қайдан бөлінеді?

871

Бұл туралы қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Астана атауы: Билік органдары мен кәсіпорындарға қаражат қайдан бөлінеді?

"2019 жылы қала атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуге маңдайша, мөр, белгілерді ауыстыру үшін 30 млн теңге жұмсалған. 2019 жылмен салыстырғанда мемлекеттік органдар цифрлық форматқа көбірек ауысты. Құжат айналымы туралы айтып отырмын. Қазір мемлекеттік мекемелер бір-біріне қағаз жүзінде емес, "егов" арқылы құжат жібереді. Сондықтан биыл онымен салыстырғанда әлдеқайда азырақ қаражат кетеді деп ойлаймыз", – деді Ерлан Каналимов.

"Атау ауыстыру бойынша орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттен, ал жергілікті атқарушы органдар мен қаладағы кәсіпорындар жергілікті бюджеттен қаражат алады", – деп нақтылады ол.

Айта кету керек, қала мәслихатында Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту мәселесі қаралған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу