Азаматтық авиация комитеті елорда әуежайындағы қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің кешігуі мен тоқтатылуы туралы мәліметтерді жаңартты.
2023 жылдың 4 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласына келетін, елордадан ұшып кететін 45 рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды және тоқтатылды. Оның ішінде 26 рейс ұшып келуі, 19 рейс ұшып кетуі керек болған.
Бақылау бекеттерінде мыңнан астам көлік жиналып, қар құрсауынан құтқарылғандар саны қазірдің өзінде 690 адамнан асты.
Алдағы үш күнде елімізде тағы қар жауады деп күтілуде
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу