Астана халықаралық әуежайында Қазақстан халқының тілдері күніне орай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тіл фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға әуежайдың түрлі қызметтерінде жұмыс істейтін қызметкерлер қатысып, тілдік білімін, кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін танытты. Командалар бірнеше кезең бойынша бақ сынады.
Әуежай Аппаратының басшысы Әділбек Асанұлы Абдықалықов қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Фестиваль қорытындысында үздік командалар мен қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Сонымен қатар корпоративтік диктантта жеңіске жеткен қызметкерлерге де жүлделер табысталды.
Фестиваль қызметкерлердің тіл үйренуге қызығушылығын арттырып, көптілді ортадағы кәсіби қарым-қатынасты дамытуға бағытталды.