Жылдың басынан бері Астана қаласы бойынша мемкірістер департаментінің әуежайдағы кеден бекеті қызметкерлері кедендік бақылау кезінде жалпы құны 400 млн теңгеден астам валютаны заңсыз әкетудің 22 фактісін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәселен, жыл басында "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында "Астана — Ыстамбұл" халықаралық рейсін кедендік бақылау кезінде Қазақстан азаматы 74 млн теңгеден астам сомаға шетелдік валютаны заңсыз әкетпек болған.
Бұл ретте Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне 172 млн теңгеден астам сомаға 3 материал, әкімшілік құқық бұзу белгілерімен 281 млн теңгеге 19 факті жолданды, айыппұл сомасы — 664 560 теңге.
Сонымен қатар, азаматтар жалпы салмағы 433 грамм алтын құймасын және жалпы салмағы 3000 грамм коллекциялық монеталарды (құны 70 миллион теңгеден астам) заңсыз әкетпек болған.
Президент жарлығына сәйкес еліміздің Ұлттық банкі шығарған, Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын және алтын құйма, инвестициялық монеталарды әкетуге тыйым салынған.
"Жоғарыда аталған нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - деп ескертеді комитеттен.