Астана автопаркі 90-ға жуық автобуспен толықты

351

Осы айда тағы 40 автобус жеткізіледі

Астана автопаркі 90-ға жуық автобуспен толықты Фото: gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала жаңа автобустар жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық көліктің бір бөлігі – электр автобустары. Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандустармен және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы орындармен жабдықталған.

"Жалпы, биыл қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа арттыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, күн сайын желіге орта есеппен 900 автобус шығады. Осылайша, 400 жаңа автобус автопаркті едәуір ұлғайтуға, жаңа маршруттарды іске қосуға, қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді", – деді Жеңіс Қасымбек.

Автобустардың бір бөлігі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы қоғамдық көлікті жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша, сол сияқты жеке автопарктердің қаражаты есебінен сатып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу