Астана-Бішкек бағытында ұшқан ұшақ әуежайға қайтып келді

612

Астана-Бішкек бағытында ұшқан ұшақ әуежайға қайтып келді

Астана-Бішкек рейсімен ұшқан Air Astana әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайтып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"16 маусым күні Астана-Бішкек бағытымен рейс жасаған Эйр Астана әуекомпаниясының Эмбраер-190 әуе кемесі аспанға көтерілгеннен кейін салонның салқындатқыш жүйесі істен шыққан. Экипаж аэродромға қайта оралу туралы шешім қабылдаған", - деп хабарлады ҚР ИДМ ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Оның айтуынша, ұшақ Астана әуежайына сағат 09.36-да қонған.

"Қайта оралудың себебі ұшақтың материалдық-техникалық бөлігіндегі ақауларға байланысты болған, бірақ ол ұшақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ешқандай кедергі келтірмеді. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өміріне қауіп төнген жоқ. Экипаждың әрекеті штаттан тыс жағдайда дұрыс болды", - деді Мұрат Жұманбай.

Қазіргі таңда әуе кемесі осы оқиғаның себебі мен жағдайы анықталғанға дейін Астанадағы әуежайда болады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу