"Астана – Қарағанды – Алматы" тас жолында болған жол апатынан 3 адам қаза тапты

153

Chevrolet Cobalt жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.

"Астана – Қарағанды – Алматы" тас жолында болған жол апатынан 3 адам қаза тапты Фото: instagram/dorogi_karagandy

18 наурызда "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының Балқаш қаласы жағынан Қарағанды бағытына қарай, Ақшатау кентінен 40 шақырым жерде үш адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 30 жастағы жүргізуші ұзақ бұрылыста көлікті тізгіндей алмай, салдарынан көлік аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты. Олар: жүргізуші мен оның екі жолаушысы. Барлығы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу