"Астана" қаржы орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады?

283

Жалақы көлемі мамандардың еңбек өтіліне қарай өзгереді.  

"Астана" қаржы орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады? Фото: naryk.kz

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров Сенат кулуарында қызметкерлердің орташа жалақысына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Барлығы да қызметкерлердің деңгейіне байланысты. Мәселен, жас мамандар тәжірибесіне қарай 300 мың теңгеден бастап 500 мың теңгеге дейін алады. Орта буын – 600 мың теңге, ал басшылар 700-800 мың теңгеден жоғары алады. Бірінші басшы болғандықтан менің жалақым 700-800 мың теңгеден жоғары. Алайда мен жалақы туралы мәліметті жарияламау туралы келісімге қол қойған едім", - деді Ренат Бектұров.

Айта кету керек, осыған дейін "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотына шетелдік инвесторлар жиі жүгінетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу