"Астана-Қостанай" тасжолында есірткі қолданған жүргізуші жолаушы тасымалдаған

474

Осылайша ол бес жолаушының өміріне қауіп төндірген. 

"Астана-Қостанай" тасжолында есірткі қолданған жүргізуші жолаушы тасымалдаған Фото: Polisia.kz

Елордадан Қостанайға жолаушы апара жатқан жүргізуші сапарға шықпас бұрын есірткі қолданған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бес жолаушысы бар Toyota Alphard маркалы автокөлікті тәртіп сақшылары "Жақсы — Есіл-Бұзылық" автожолында тоқтатқан. Ол мобильді қосымшаны пайдалана отырып, елордадан Қостанайға жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқаны анықталды.

Құқық бұзушы кезекті рейсін жасар алдында марихуана есірткісін пайдаланған. Осылайша ол бес жолаушының өміріне қауіп төндірген. 

Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттамалар толтырды. Такси жүргізушісі 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Полицейлер жолаушыларды жақын маңдағы теміржол вокзалына жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу