Astana LRT құрылысын толық аяқтау үшін қанша қаржы керек

1096

Бүгінде қаржы көзін анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр.  

Astana LRT құрылысын толық аяқтау үшін қанша қаржы керек

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Astana LRT құрылысы толық аяқтау үшін шамамен 1 млрд доллар керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, басында құрылысқа 2,6 млрд доллар керек болған.

"Біз оның көлемін 800 млн долларға азайттық. Енді жобаны толық аяқтау үшін шамамен 1 млрд доллар керек. Оған вагон, рельс, барлық инфрақұрылым кіреді", деді Алтай Көлгінов ОКҚ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Елорда әкімі бүгінде қаржы көзін анықтау конкурсы жүріп жатқанын атап өтті.

"Біз қазір ішкі нарықтан қарыз алу конкурсын жарияладық. Бірақ жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оған қатысты ақпарат жоқ. Банкті анықтағасын ақпаратты жария етеміз. Ішкі қаржы нарығында жобаға қаржы салғысы келетіндер болса, оны қарастыруға дайынбыз. БЖЗҚ-дан қаржы алу қарастырылмайды. Мұнда (қаржы көзі ретінде – автор) екінші деңгейлі банктер қарастырылуда. Конкурсы жаздың соңында аяқталады", – деп түйіндеді сөзін қала басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Astana LRT құрылысының жанданғанын растаған еді.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу