Астана маңында шыққан өрттің беті қайтты

462

80 гектар алқап жанып кетті.

Астана маңында шыққан өрттің беті қайтты Фото: ҚР ТЖМ

Қорғалжын тасы жолы мен Қосшы қаласына жақын жердегі айналма жолдың арасында шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 21:09-да өрт оқшауланды, оның жалпы ауданы 80 га құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру жалғастырылып жатыр", - делінген хабарламада.

Астана маңындағы қызыл жалын ошағына Ақмола және Қарағанды облыстарының өрт сөндірушілері көмекке келді. Өртті ауыздықтау үшін 63 тонна су төгілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу