Астана маңындағы өртті толық сөндіруге 1-2 апта уақыт кетеді - ТЖМ

522

Бүгінгі таңда жағдай тұрақты.

Астана маңындағы өртті толық сөндіруге 1-2 апта уақыт кетеді - ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Астана маңындағы өрттің қашан сөндірілетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жағдай тұрақты. Кеше сағат 21.00-де өрт оқшауланды. Ол жердегі қамыс көп уақыт бойы қаулап өсе берген. Өздеріңізге де белгілі, бастапқыда өрт ошағы байқалмаса, уақыт өте келе ауа райы, желге байланысты аумағы ұлғаюы мүмкін. Өртті сөндіру бір-екі аптаны алады. Барлығы да сыртқы факторларға, бұдан басқа біздің бөлімшелердің жұмысына және жауын-шашынға да байланысты", - деді ол Мәжіліс кулуарында. 

Ведомство басшысы өрт сөндіру техникасына батпақты жерлермен жүруге өте қиын екенін айтты. 

"Бұдан басқа желдің қандай болғанын білесіздер. Ол өрт сөндіруге кедергі келтіріп, түтін мен ыс иісі таралып кетті. Өрт ошағы орнында өрт сөндірушілер мен техника жеткілікті",  - деді Сырым Шәріпханов.

Тілшілер министрден құтқарушылардың тілсіз жауды не себепті күрекпен сөндіргенін сұрады.

"Өртті сөндіру тәсілдерінің біріне күректерді пайдалану және су құю жатады", - деп жауап берді ведомство басшысы.

Сырым Шәріпханов өрттің шығу себебін арнайы құрылған комиссия анықтайтынын жеткізді.

"Көптеген фактор бар. Адам шылым шегіп немесе әдейі от қойылу мүмкін",  - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін Астана іргесіндегі өрт әлі толық сөнбегінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу