Бұдан былай Астанадан Алматыға тәулігіне үш жүрдек пойыз қатынайды, деп хабарлайды Baq.kz.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2016-2017 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне орай кейбір пойыздардың журу уақыты мен нөміріне өзгерістер енгізді.
2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап келесідей пойыздардың нөмірлері өзгерді:
- "Алматы-2-Астана" бұрын №1/2 болса, енді №701/702;
- "Алматы-2-Петропавл" бұрын №701/702 болса, енді №705/706;
- "Астана-Шымкент" бұрын №79/80 болса, енді №707/708.
Сонымен қатар, 11 желтоқсаннан бастап №3/4 "Алматы-2-Астана" пойызы және келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап №11/12 "Алматы-2-Шымкент" пойызы жаңа үлгідегі "Тұлпар-Тальго" кең кузовты вагондармен жасақталады.
Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында енді Астанадан Алматыға күніне "Тұлпар-Тальго" вагондарынан құралған үш жүрдек пойыз (№3/4, 701/702 және 705/706) қатынайды.