Астана-Петропавл тас жолында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

216

Соқтығысу салдарынан қос көлік те аударылып, жолдың екінші және үшінші жолақтарын жауып тастады. 

Астана-Петропавл тас жолында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты Фото: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Астана – Петропавл тас жолының 112-шақырымында екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмып, бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің дерегінше, жол апаты 2024 жылдың 1 сәуірінде орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, сағат 20:58-де Көкшетау жақтан келе жатқан DAF XF 95-480 маркалы көлігі жолдың шетінде тұрған "КамАЗ-дың" артына соғылған. Болжам бойынша, жол шетінде тұрған жүк көлігі ешқандай белгі бермеген, дабыл жарығы жанбаған. 

Соқтығысу салдарынан қос көлік те аударылып, жолдың екінші және үшінші жолақтарын жауып тастады. "КамАЗ" көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. DAF жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу