15 тамыз күні сағат 23:30 шамасында "Астана – Петропавл" тас жолының 282-шақырымында Щучье бағытында келе жатқан Audi-80 көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жолға қарай шыққан бұланды қағып кеткен.
"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақат алды", делінген Ақмола облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу