Астана–Петропавл автожолында Honda мен Chevrolet Niva автокөліктері соқтығысып қалды. Оқыс оқиға салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат 14 желтоқсанда тасжолдың 292-ші шақырымында болды.
"Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі жүргізуші, Chevrolet Niva автокөлігінің екі кәмелетке толмаған жолаушысы, сондай-ақ Honda автокөлігінің үш жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады полиция.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу