"Астана-Петропавл" трассасында ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты

340

Жол апатынан 16 көлік құралына зақым келді.

"Астана-Петропавл" трассасында ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты Фото: ПД баспасөз қызметінен

Ақмола облысы аумағында "Астана-Петропавл" тас жолының 105 шақырымында бірнеше көлік соқтығысып, жол апатынан 1 адам көз жұмып, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 29 желтоқсанда сағат 13:18-де Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскен.

"Анықталғандай, жол апатынан 16 көлік құралына (3 "Газель", 4 жүк көлік және 9 жеңіл автокөлік) зақым келді. Жеңіл көліктің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған") іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу