– Жол апаты салдарынан Бұланды аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 11 адам жүгінді, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жол учаскесінде зардаптарды жою жұмыстары жалғасып жатыр, жергілікті жерде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және ҚазАвтоЖол мамандары жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Полицейлердің мәліметінше, елорда бағытында 400-ге жуық автокөліктен тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылған.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерден патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауды және олардың жұмысына кедергі келтірмеуді сұрайды.
– Жүргізушілерді ауа-райының жағдайын ескеруге, жолдарда өте сақ болуға және жағдайды жақсартқанға дейін осы бағытта жүруден бас тартуға шақырамыз, – деп хабарлады полициядан.