Астана – Теміртау автожолында жасанды интеллект элементтері бар камералар бірнеше жол-көлік оқиғасын тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейнежазбалардан бір бағытта қозғалып келе жатқан көліктердің соқтығысқаны көруге болады. Кейбір жүргізушілер жолдағы жағдайға дер кезінде әрекет ете алмай, алда келе жатқан көліктерге соғылған.
"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, жүргізушілердің жолдағы жағдайға назар аудармауына қалғып кету, шаршау немесе смартфонға алаңдау себеп болуы мүмкін. Жол апаттарының нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Ұлттық компания жүргізушілерді көлік жүргізу кезінде смартфон пайдаланбауға және ұйқы қысқан немесе шаршаған жағдайда жолды жалғастырмауға үндеді.